Қызылша өршіген жағдайда мектептер карантинге жабыла ма?

1 511

Елімізде қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы күрделенсе де  балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева мәлімдеді. 

 "Қызылшадан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды. Өйткені бұл вакцина арқылы басқарылатын ауру", – деді Нұршай Әзімбаева.


Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова үкімет резервінен қызылшаға қарсы тағы 1 миллион доза екпе сатып алынатынын мәлімдеген болатын. 


Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға қызылшаның таралуына қатысты да үндеу жасаған болатын.


Ал, денсаулық сақтау министрінің орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қызылша Қазақстанның барлық аймағына тарағанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қызылша ауруының тез таралуының себебін түсіндіріп берген еді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.