Қазақстанда тағы бір демалыс күні пайда болады
Қазақстанда 25 қазан ресми түрде ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленеді. Тиісті заң жобасын парламент мәжілісі бүгін жалпы отырыста мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ке сілтеме жасап.
Мерекелерге қатысты түзетулер "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көзделген.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев енді қазақстандықтар 25 қазан күні демалатынын айтты. Салтанатты шаралар осы күні көбірек өтеді. Ал 16 желтоқсан еске алу күніне айналады.
Бұнымен қоса, Депутаттар 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тастауды ұсынды. Бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер секілді аталып өтеді. Сәйкесінше, қазақстандықтар 1 желтоқсанда демалмайды.
Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын бірауыздан мақұлдап, сенатқа жолдады.