Қазақ балаларын заңсыз діни ұйымдардың жұмысына салған өзбек азаматы ұсталды

265
Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Жамбыл облысында балаларды заңсыз діни ұйымдардың жұмысына тартумен айналысқан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 24 қаңтарда сағат 20:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Жамбыл облысының ҰҚКД-мен бірлесіп 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын қолға түсірген.

Ер адам 2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған, - делінген хабарламада.

Ұсталған қылмыскер Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін болады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.