Бес айлық баланы далада қалдырып кеткен мас анаға қатысты шешім шығарылды
Ақтөбеде баласын орындықта қалдырған жас анаға қатаң ескерту жасалды, деп хабарлайды opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 11 тамызда Ақтөбе қаласында мас келіншек бес айлық баласын даладағы орындықта қалдырып кетті.
Бір сағаттан кейін қайтып келген, бірақ нәресте ол жерде болмай шықты. Оны сол жерден өтіп бара жатқан әйел тауып, полицияға тапсырған. Оның айтуынша, мас келіншек сәбиді даладағы орындықта қалдырып кетті.
Шамамен, бір сағаттан кейін полицияға 25 жастағы келіншек хабарласып, баласының жоғалғанын айтты.
Қаз
Рус






