Қызылордада жыл басынан бері 47 адам жол апатынан көз жұмды

264
Қызылорда облысында биылғы жылдың 5 айында облыста 155 жол-көлік оқиғасында 47 адам көз жұмып, 196 адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл өткен жылғы жол-көлік оқиғасынан 12% (138-ден 155-ке) көбейгенін көрсетеді. Салдарынан қайтыс болғандар - 68% (28-ден 47-ге), жарақат алғандар - 12% (175-тен 196-ға) артқан.


«Жол-көлік оқиғасының басты себебі - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол ережесін сақтамайды. Мұндай оқиғалар негізінен жылдамдықты шамадан тыс асырудан, жолдың қарсы бағытына шығудан, жаяу жүргіншілер өткелінде оларға басымдық бермеу және маневр ережесін бұзу салдарынан болып отыр. Жыл басынан бері қалада орнатылған автоматтандырылған жүйелер арқылы жылдамдықты асырудың 9 890 дерегі анықталды. Облыс орталығында жүргізушілер тарапынан жылдамдықты шамадан тыс асыру дерегі азаймауда. Осы себепті қала орталығында болған 69 жол-көлік оқиғасында 8 адам көз жұмып, 73-і дене жарақатын алды», - деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов.