Пойыздың қай станцияда екенін онлайн көруге болады

1 529

Photo Author: astana.tv«Қазақстан темір жолы» пойыздың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін арнайы сервисті іске қосқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы компания сайтында жазылған.

Енді кез келген адам вокзалға шықпас бұрын tablo-railways.kz сайтына кіріп, карта арқылы өзіне қажетті пойыздың дәл қазір қай жерде келе жатқанын, станцияларға келу-кету уақытын, тіпті тұрақтардың ұзақтығын алдын ала тексере алады. Жаңа сервис жолаушылар ағыны көп кезде немесе басқа пойызға ауысып міну қажет болғанда вокзалда босқа күтіп қалмау үшін өте пайдалы.

Қызметті пайдалану үшін tablo-railways.kz сайтына өтіп, картадан қажетті пойызды таңдау керек. Сондай-ақ, онлайн-таблоға ресми bilet.railways.kz сайты арқылы да кіруге болады. Ол үшін «Пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы» баннерін басса жеткілікті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.