Қытайлықтар жаңа Х вирусы пайда болатынын айтты

426
Қытай мемлекетінің  ауруларды бақылау және алдын алу орталығы болашақта жаңа Х вирусы пайда болатынын айтып дабыл қақты деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 
Халықаралық ғылым мен технология форумында сөз сөйлеген Қытайдағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Гао Фусөз адамзат болашақта міндетті түрде жаңа вируспен бетпе-бет келетінін болжады және бұған қарсы шаралар қолдану үшін өзара әрекеттесу принципін ұсынды. "Әлем коронавирус пандемиясымен ғана емес, сонымен қатар шынайы ақпарат пен жалған ақпарат тоғысатын инфодемия сияқты басқа да бірқатар мәселелермен бетпе-бет келді. Бұл шешімін табуды қажет ететін көптеген мәселе мен қауесеттерді тудырады", - дейді маман. Гао Фу болашақта әлем әлі ешкімге белгісіз және кез келген жерде әрі кез келген уақытта пайда болуы мүмкін Х вирусымен күресуге мәжбүр болатынын баса айтты. 
"Адамзаттың болашағы үшін мәселені шешу жолында бірігіп жұмыс істеу қажет. Осыған байланысты мен "төрт С" қағидасын ұсынамын: cooperation- ынтымақтастық, competition - бәсекелестік, communication - ақпарат алмасу, және coordination - үйлестіру", - дейді сарапшы. Жоғарыда айтылған қағидалардың ішінде ол ақпарат алмасудың әсіресе маңызды болып табылатынын алға тартты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.