Қазақстанда 19 мыңнан астам адам қызылшамен ауырып жатыр
13
Республика бойынша сырқаттанғандардың 83% вакцина алмаған балалар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстанда 4 желтоқсанында қызылшаның 19 471 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. Оның 81%-тен астамы, яғни 15 807-сі 14 жасқа дейінгі балалар.
"Қызылша еліміздің барлық аймағында тіркеліп жатыр. Әсіресе 4 өңірде сырқаттанушылық жоғары деңгейде, олар Шымкент – 3021 жағдай. Алматы қаласында – 2960, Жамбыл облысы - 2642 жағдай және Алматы облысы – 1687 жағдай", - дейді ведомстводағылар.
Республика бойынша сырқаттанғандардың 83% вакцина алмаған балалар. Министрлік мәліметінше, ауырған 15807 баланың 13 180 екпе алмаған.
"Биыл 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 6-10 айлық балаларға, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға және вакцинацияланбаған медицина қызметкерлеріне қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Бүгінгі күні 179 680 адам вакцина алды, яғни қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина алғандар саны 12%-ке жетті", - деді министрліктің баспасөз қызметі.