АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

114
Бүгін аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың халықпен кезекті кездесуі  ІІІ Интернационал ауылында жалғасты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Аудан басшысы  ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді бөлісті. 

Аудан әкімі алдымен ауылдағы ауқымды жүргізілетін құрылыс  жобаларына  тоқталды. Оның бірі спорттық кешеннің құрылысы. Қазіргі таңда  «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында спорттық кешеннің құрылысын қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылғандығын  және   балалардың жақсы білім алуына жағдай жасау мақсатында  ауыл мектебін «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасы аясында қайта салуға  ұсыныс жасалып  жатқандығын жеткізді.

Сонымен қатар ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Н.Сайымов ауыл бойынша атқарылған жұмыстарын баяндады.

Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, айтылған әрбір азаматтың сауалына заңдылыққа сәйкес жауаптар берді. 

Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселе бойынша қабылдап, әлеуметтік мәселе көтерген тұрғындарға заңдылық аясында жауап беріп, жауапты сала басшыларына тапсырма берді. 

Аудан әкімі ІІІ Интернационал ауылының халқымен кездесу сапары кезінде жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін жүргізіп отырған  ауыл тұрғыны П.Музаппаровтың автокөлік жөндеу орталығының жұмысымен танысты. 

Қазіргі күні  «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жобасы аясында  ІІІ Интернационал ауылында өз ісін жаңадан бастаймын деген жұмыссыз 16 азамат құны 19,6млн. теңгенің грантын жеңіп алып отыр.