ІІІ Интернационал ауылында жұмыссыз 4 адам қайтарымсыз грант ұтып, кәсіп бастады

1 554

Қармақшы ауданына қарасты  «III Интернационал» атты ауыл бар. Елді мекеннің атауы айтып тұрғындай мұнда 12 ұлттың өкілі тұрады. Олардың ата-бабалары сонау 30-шы жылдарғы тоталитарлық жүйенің шырмауына ілігіп, жер аударылғандар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ауылдың негізгі күн көрісі – егін. Басты дақыл – күріш. Бұл ауылдың шаруа қожалығының да аты - «Достық Жер МК» деп аталады. Өйткені бір ұжымда бірнеше ұлттың өкілі тату-татті еңбек етіп, ел ырысын еселеп жүр. Шаруашылықтың техникалары тек егін даласында ғана емес, ауылдың күнделікті тіршілігіне де көмегін тигізеді. Мұқтаж отбасылардың отынын тасып, қоқысын шығару игі үрдіске айналған. Мұндай қамқорлық бірлігі бекем ауылдың көнеден қалыптасқан дәстүрі.


"Кезінде жер аударылып келген әке-шешеміз де қазақ халқының мейірімділігінің арқасында аман қалды. Үбірлі-шүбірлі болып, үлкен әулетке айналды", - дейді ауылдықтар.


Жергілікті бюджет есебінен ауылдық мәдениет үйіне түрлі этнос өкілдерінің ұлттық нақыштағы киімдерін алуға және материалдық техникалық базасын жаңартуға 3 млн. теңге қаралды.


Ауылшаруашылығы саласы:Ауылдық округте 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік («Достық Жер МК») және 12 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Шаруа қожалықтар күріш егумен қатар бақша өнімдерімен,көкөністержәне мал өсірумен шұғылданады. 2023 жылы «Агроаймақ» үшін 48 гектар жер дайындалып, 108 отбасы 15 гектарға – картоп, 7 гектарға – көкөніс, 25 гектарға – бақша өнімдерін екті.   Ал биылғы жылы 130 отбасыға 56 гектар жер дайындау жоспарлануда.


Ауылдық округте 2024 жылдың 1 қаңтарына мал басына жүргізілген есеп бойынша мал саны жеке және шаруа қожалықтарда мүйізді ірі қара 3383 бас, уақ мал 3739 бас, жылқы 915 бас және құс 2225 басты құрады.


"Ауылдық округте кәсіпкерлік жолға қойылған. Ауылдық округ бойынша тіркелген кәсіпкерлер саны 123-ті құраса, оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерлік субъектілердің үлесі 114(94,6%). 2023 жылы тіркелген кәсіпкерлер саны 13 адам. «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Іскер» бағдарламасы бойынша 1 азамат 3.0 млн теңге алса, жастарға арналған жеңілдетілген 2,5 пайызбен 1 азамат   3,1 млн теңге алды. Сондай ақ, 1 кәсіпкер «ХАЛЫҚ БАНК» арқылы 195,0 млн теңге несие алды. Мұнан өзге 2023 жылы «Ұлтық жоба» аясында 4 жұмыссыз азамат 5 352,0 мың теңгенің қайтарымсыз грант иегері атанып, өз кәсіптерін дөңгілентіп, бүгінде ауыл халқына қызмет көрсетуде", – дейді ауылдық округ әкімі Нұрлыбек Сайымов.


Ауылдық округ бойынша жыл басында 2 отбасына жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілді. Сонымен қатар 16 отбасына тұрғын үй көмегін алды.


Құрылыс жөндеу және абаттандыру жұмыстарына келер болсақ,  2023 жылы  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында  «Астана» көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құны 38,662 млн теңге. Спорт кешені құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды тапсыру мерзімі биылғы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр. 


Сонымен қатар аудандық бюджеттен бөлінген 1 870,0 мың теңгеге 6 дана жасанды жол кедергісі мен 43 дана жол белгілері орнатылды. «Болашақ» ШҚ демеушілігімен 1,8млн. теңгеге ауылдың кіре беріс аркасы жаңартылды, және 2,5 млн.теңгеге спорттық  және балалар ойын аланының жобалық сметалық құны дайындалып, сараптамдан өткізіліп, тиісті басқармаларға тапсырылды. (Жоба құны 53 млн. теңге). 


Ауылдық округте жалпы білім беретін 1 мектеп жұмыс жасайды. Онда 440 оқушы білім алады. Ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап деңгейінде. Олардың ішінде 1 педагок-шебер, 5 – педагок зерттеуші, 28- педагок сарапшы, 21 – педагок модератор және 1 санатты – 1, 2 санатты 2 мұғалім оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. 2022-2023 оқу жылында 43 бала 1 сыныпқа қабылданса, 15 оқушы бітірді. Соның 4-і арнаулы орта оқу орындарына түссе, 6-і жоғары оқу орындарында білім алуда.  (6 оқушы білім грантына ие болған) Ауылдық округте 2 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар. Онда барлығы 120 бала тәрбиеленуде. №9 «Достық» балабақшасы-40, «Бади Нұр KZ» жеке меншік балабақшасы-80) 3-6 жастағы балалар 100 пайызын қамтылған.


Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауда және уақытылы медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. 10 төсектік күндізгі емдеу станционарда 1 дәрігер, 13 медбике халыққа қызмет етеуде. 2023 жылы – 457адам емделіп шықты. Аса қауіпті ауру түрлері мен ана өлімі тіркелмеген болса, бала шетінеуі  жоқ.  Ауруды ерте анықтау және алдын алуға байланысты өткен жылы жоспар бойынша жас ерекшелігіне қарай тұрғындар барлық профилактикалық тексеруден өткізіліп, табылған науқастылықтар дер кезінде сауықтырылып, медициналық ем жасалды.


Қазіргі таңда ауылдық мәдениет үйінде 6 үйірме,1 үгіт бригадасы жұмыс жасайды. Оларға барлығы 70 мүше тартылған. Сондай ақ, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында №16 БжЖС мектебінде екі үйірме (дзюдо, белбеу күресі) жұмыс жасайды. 80 ге жуық бала тәрбиленуде.Спортшыларымыз халықаралық,облыстық және  аудандық, турнирлерде жоғары көрсеткіш көрсетуде.


Ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету.Ауылдық округ толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілген.  Ауыз су «ҚАЗСУШАР» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД филиалының «Октябрь топтық су құбыры» бөлімшесі арқылы тұрақты түрде беріліп келеді.  


"Ауылдық округте жұмыссыздық жою мәселесі бірізге қойылып келеді. – 2023 жылы Ұлттық жоба аясында елді мекенде қоғамдық ақылы жұмысқа 24 адам, жастар тәжірибесіне 8 адам, алғашқы жұмыс орнына 1 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 1 адам жұмыспен қамтылды. Сондай ақ шаруа қожалықтарда маусымдық жұмыстарға ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылуда", – дейді ауылдық округ әкімі.


ІІІ Интернационал ауылдық округі бойынша күзгі мерзімді әскер қатарына шақырушылар саны – 42 азамат оның ішіңде іріктелгендер – 13 адам, аудандық комиссиядан акт  алғандар 4 адам, облыстық мед комиссияға жолданған 1 адам,  студенттер – 18 адам, Түркия және Корея мемлекетіне көшкендер – 10 адам,әскер қатарына кеткен 2 азамат.


Ауылдағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарына келсек, 2023 жылы көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығын жүргізуге  ауылдағы көшелер мекемелерге бөлініп, жауапты етіп мекеме басшылары (келісімі бойынша) бекітілді.


Сонымен қатар ауылдық округте қайырымдылық шаралары да тұрақты жүргізіліп отырады. Өткен жылы тұрмысы төмен отбасылар, көпбалалы отбасылар, мүгедек пен жалғызбасты тұрғындарға демеушілер есебінен әлеуметтік қолдау көрсетілді.