Поезда әйелдер мен ерлер бөлек отыру қарастырылып жатыр

1 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚҚазақстанда пойыз билеттерін сатудың жаңа жүйесі енгізілуі мүмкін,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оған сәйкес, бір купеде тек ер адамдар немесе тек әйелдер отырады. 

Бұл ұсынысты Threads желісіндегі Baby27alien атты қазақстандық қолданушы жазған. Ол пойыз билеттерін осындай жүйемен сатуды ұсынған.

“Түркияда бір купеге ер адам мен әйелге бірге билет сатылмайтынын енді білдім. Демек купедегі орынды бірінші болып ер адам сатып алса, кейін сол купеге тек ер адамдар ғана билет ала алады. Ал орынды әйел адам бірінші сатып алса, оған кейін тек әйелдер ғана қосылады. Неге Қазақстанда да осындай жүйені енгізбеске?”, – деп жазды ол.

Қазақстандық әйелдің жазбасына “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ өкілдері жауап берген.

Компания бұл жүйені Қазақстанда енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген.

“Сәлеметсіз бе! Бұл жүйені қазір мамандарымыз зерттеп жатыр. Кейін оны енгізу мәселесі қарастырылады. Айта кетейік, қазір ұлттық тасымалдаушы негізгі бағыттарда “әйелдер вагоны” қызметін енгізген”, – деп жауап берген. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.