Астанадан шыққан пойызда жолаушы көз жұмған

1 534

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дереккөз  ДереккөзЖеке тасымалдаушы «Сары-Арқа Компаниясы» ЖШС-ға тиесілі пойызда жолаушы қайтыс болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның сапар барысында, алдын ала болжам бойынша, жүрек талмасынан көз жұмғаны айтылған.

Компания бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қайғылы жағдайдың 14 маусым күні кешкі уақытта №57 «Нұрлы жол – Орал» бағытындағы жолаушылар пойызында, Курорт-Бурабай станциясына жетер алдында болғанын хабарлаған.

Тасымалдаушының мәліметінше, жолаушының жағдайы вагонда кенеттен нашарлаған. Жолсерік бұл туралы бірден пойыз бастығына хабар берген, содан кейін машинист арқылы жедел медициналық көмек қызметі шұғыл шақырылған.

Марқұмның жұбайының айтуынша, ол жүрегіне жасалған отадан кейін емдеу мекемесінен үйіне қайтып келе жатқан.

Дәрігерлер пойызға сағат 23:49-да келіп, науқасты тексерген, қан қысымын өлшеп, көктамыр ішіне дәрі енгізген. Алайда арада көп уақыт өтпей жолаушы есінен танып қалған. Сағат 00:30-да медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растаған.

Көкшетау станциясында марқұмның денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін пойыздан түсірілген.

Шұғыл медициналық және тергеу іс-шараларын жүргізуге байланысты пойыздың қозғалысы 43 минутқа кідірген.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.