Қазақсатандық 18 жастағы жігіт шетелде есірткімен ұсталды

1 524

Фото:© Видеодан скринИмеретияда есірткіні заңсыз сатып алды, сақтады және ірі әрі аса ірі көлемде саудалады деген күдікпен екі шетелдік, яғни Қазақстан мен Украина азаматы ұсталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілер - 2008 жылы туған жігіт пен қыз. Олар әртүрлі уақытта ұсталған. 

“Тергеу олардың аса ірі көлемдегі метадонды заңсыз сақтап, сатуға қатысы бар екенін анықтады”,-деп мәлімдеді Грузияның Ішкі істер министрлігі 25-ші сәуір күні.

Есірткі заттары күдіктілердің уақытша тұрып жатқан жерін тінту кезінде табылып, тәркіленген. Тергеу эксперименті барысында күдіктілер метадонды өткізу үшін дайындаған жасырын орындарды көрсеткен. 

Грузия Ішкі істер министрлігі күдіктілерді ұстау сәті көрсетілген видео жариялаған. Полиция басқа заттай айғақтармен бірге есірткіні өлшеп, орауға арналған материалдарды да тәркілеген.

“Аталған іс бойынша Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 260 (4) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл баптар 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады”,- деп мәлімдеді ведомсвто.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.