7-сынып оқушысы өз әкесінен жүкті болып қалған

1 738

Фото: Lucky childТүркістан облысында оқушы қыз өз әкесінен жүкті болып қалған. Қыздың анасы полицияға арыз жазды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі CMN.kz басылымына сілтеме жасап.


Қыздың анасы Қазығұрт аудандық полиция департаментіне арызбен жүгінген. Ол өзінің 50 жастағы күйеуін туған қызын зорлады деп күдіктенетінін айтқан.


Әйелдің айтуынша, оның күйеуі 2023 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін қызға зорлық-зомбылық көрсеткен. Салдарынан қыз жүкті болып қалған. Қазір оқушының жүктілік мерзімі - 27 апта.


Күдікті ұсталып, қамауға алынды.