Жамбыл облысында қатты дауыл салдарынан 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

394

Жамбыл облысында қатты дауыл соққан кезде 17 жастағы бала үй шатырынан құлап, көз жұмды- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2004 жылғы бала үй шатырынан құлап, оқиға орнында мерт болды.

Жамбыл облысында қатты желден барлығы 53 адам зардап шегіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Облыстық көпбейінді ауруханасына 4 бала түскен, оның үшеуі стационарға жатқызылды, біреуі амбулаторлы түрде ем қабылдады.

Медициналық көмекке жүгінгендердің басым көпшілігі терезе, ағаш, қақпа құлағаннан бас, аяқ-қол және тағы басқа дене жарақатын алған.

Еске салсақ, 17 қарашада Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлады. Осыған байланысты өңірде кейбір тас жолдар жабылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.