Қызылордадағы ең белсенді колледж тал отырғызу акциясына қатысты

273

Дәстүрге айналған тал егу акциясына И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің студенттері белсенділік танытты,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 Көктем айларында өтетін акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту-көгалдандыру, яғни жасыл желекке айналдыру.   Қала  келбетінің көркеюіне бастайтын берекелі бастамаға қала әкімдігі мұрындық болуда. Ағаш отырғызу акциясы аясында оқу орнындарының студенттері сауапты іске себепкер болды. Тал отырғызу ісіне ұқыптылықпен қарап, қала ажарын арайландыруға белсенділік танытты.

Қазіргі уақытта қала орталықтарында жасыл белдеуді ұлғайту мәселесі де маңызды. Осы орайда  шаһарымыздың келбеті жарқырап, күннен-күнге құлпыра түсуіне Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің студенттері  өзіндік септігін тигізуде. 


Биыл қаламызды көгалдандырылатын жерлер өте көп. Колледж жастары көшет егуде белсенділік танытып, еліміздің көгалдануына зор үлес қосуда.  

 «Тал егу – сауапты іс!» қалалық экологиялық акциясына қатысып, орталық көшелер де ағаш отырғызды. Белсенді колледж жастары  қала аумағына  2000 ағаш отырғызды.



Ұдайы ұйымдастырылатын көгалдандыру және тазалық шаралары шаһардың әсемденуіне ықпал етуде. Қаламызды жасыл желекке айналдыру басты мақсат.   Қала аумағында өңіріміздің климатына төзімді терек, ясин, сыр тал, қара тал, шырша, туя тал көшеттері отырғызылды. 

Сонымен қатар, отырғызылған көшеттердің барлығына бірдей техникалық су  ұңғымалары арқылы аяқ су жіберіле бастады.