Жамбыл облысында қатты дауыл салдарынан 17 жастағы жасөспірім көз жұмды
395
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жамбыл облысында қатты дауыл соққан кезде 17 жастағы бала үй шатырынан құлап, көз жұмды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2004 жылғы бала үй шатырынан құлап, оқиға орнында мерт болды.Жамбыл облысында қатты желден барлығы 53 адам зардап шегіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Облыстық көпбейінді ауруханасына 4 бала түскен, оның үшеуі стационарға жатқызылды, біреуі амбулаторлы түрде ем қабылдады.
Медициналық көмекке жүгінгендердің басым көпшілігі терезе, ағаш, қақпа құлағаннан бас, аяқ-қол және тағы басқа дене жарақатын алған.
Еске салсақ, 17 қарашада Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлады. Осыған байланысты өңірде кейбір тас жолдар жабылды.
Қаз
Рус






