Алматыда жалаңаш ер адам әуежай аумағына кіріп кеткен (видео)
387
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматыда 1997 жылы туған ер адам киімдерін шешім, әуежай аумағына кіріп кеткен. Ер адам қолға түскен. Тексеріс нәтижесінде оның мас болғаны анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Тексеріс нәтижесінде бұл азаматтың 6 сәуір күні 00:10-да киімін шешіп, Алматы қаласындағы әуежай аумағына кіріп кеткені нақтыланды. Ол терминал маңындағы қоршаудан секіріп өтіріп, ұшу алаңына қарай жүгірген. Мұнда ер адамды Әуе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады", - делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер медицина сараптамасы нәтижесіне сәйкес ер адамның жеңіл деңгейде мас болғанын мәлімдеді.
Оған қатысты Әкімшілік кодекстің 440-бабы, 434-бабы және 564-бабының 4-бөлігіне сәйкес бірден үш әкімшілік хаттама толтырған. Әкімшілік материалдар сотқа жіберілген.
Қаз
Рус






