Қазақтарды қытайға теңеген кейуананың үстінен іс қозғалды

381
Желіде қазақтарды жоққа шығарып, қытайлықтарға теңеген Қарағандылық кейуананың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Әлеуметтік желіде қарағандылық әйелдің қазақ халқына қатысты айтқан кереғар пікірі көпшіліктің ашуын тудырған болатын. Ол өзіне қойылған сұраққа "Қазақтар мүлдем болған жоқ. Қазақтар — қытайлықтар" деп жауап берген еді.

Қазақтарды қытайларға теңеген әйел анықталып, оның әрекетіне заңмен баға беріліпті. Ол қылмыстық кодекстің 131 бабы, яғни "Қорлау" дерегі бойынша жауапқа тартылмақшы. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.