Мешітте намаз оқып отырған қызды соққыға жыққан

1 596

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде мешітте намаз оқып жатқан қызды ұрып-соққан видео пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиғаның видеосын журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Видеодағы жағдайдың Семей қаласында болғаны белгілі болды. Кадрлардан әйелдің мешітте намаз оқып отырған қызға шабуыл жасап, тепкілеп жатқанын көруге болады. 


«Мешітте болған жағдай! Бір дөкейдің әйелі намаз оқып отырған қызды тепкілеп, соғып кетіпті! Бұл недеген бассыздық? Имамдар қайда қарап жүр? Сонда Алланың үйінде әр мұсылманды осылай сабай берсе не болғанымыз?», – делінген видеоның жазбасында.


Аталмыш фактіге қатысты Абай облыстық полиция департаменті түсінік берді.


«Бұл дерек облыстық полиция департаментінің Семей қалалық Әуезов ПБ-на тіркелді. Әйелдің шағымы болмағандықтан, одан әрі іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішпен қарсы арыз түсті», – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.