6,5 мың адам банкрот деп танылды

1 531

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов наурыз айынан бері қарызы бар адамды банкрот ретінде жариялау не себепті ұзаққа созылғанын түсіндірді, деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Банкрот деп танылған 6,4 мың адамның берешек сомасы 9 миллиард теңгені құрады.


Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң наурыз айында күшіне енген болатын. Содан бері 70 мыңға жуық арыз түскен.

" 70 мың арызды өңдеу аясында қазіргі таңда 6 400 адам банкрот деп танылды. Банкрот болған адамдардың аз болу себебін түсіндіре кетейін. Заң бойынша біз наурыз айынан бастап алған арыздарға алты ай бойы мониторинг жүргіздік. Сараптама жұмыстарын өткізгеннен кейін қыркүйек айынан бастап банкрот мәртебесін ресми түрде бере бастадық", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, банкроттық рәсімі кезінде мемлекеттік органдар өтініш берген адам туралы ақпаратпен де алмасып тұрады. Соның негізінде тиісті шешім қабылданады. Ал арыздар онлайн режимде қабылданады.

"Банкрот деп танылған 6,4 мың адамның берешек сомасы 9 миллиард теңгені құрады. Оның бәрі алынып тасталды. 3,5 мыңнан астам азаматтың қарыз мерзімі 5 жылдан асып кетті. Әлеуметтік төлемдер алатындар да бар. Олардың саны – 645 адам", - деп атап көрсетті вице-министр.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.