Жер сілкінісінің салдарынан жасөспірім көз жұмды

1 132

Фото: freepik.com3 маусым таңға жуық Эгей теңізінде магнитудасы 5,8-ге тең жер сілкінісі болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркия ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Эгей теңізінде, Мугла провинциясының Мармарис ауданынан 10,43 км қашықта болған. Жерасты дүмпуінің ошағы 67,91 км тереңдікте орналасқан.

Мугла губернаторы Ыдырыс Акбыйык жер сілкінісінен үрейленген адамдар биіктен секіріп кеткен. Оның айтуынша, табиғи апат салдарынан Мармаристегі екі ғимараттың қабырғасында жарықтар пайда болған.

Елдің ішкі істер министрлігі таратқан ақпарат бойынша, үрейден бір қыз қаза тапқан, 69 адам түрлі жарақат алған. Қазір 46 адам ауруханада жатыр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.