Қызылордада жолдың тайғақтығынан көліктер аударылып қалды

319
Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан көліктер жолдан шығып, аударылып қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Қармақшы ауданы аумағында «Шымкент-Самара» тас жолының бойында болды. Ауданға қарасты Елшібай бекетінің тұсында жолдың тайғақ болуынан жүк көлігі мен жеңіл көліктер жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.

«Жүк көлігінің иесі Тәжікстанның 35 жастағы азаматы Абдусаттор Абдукаримов екені анықталды. Ол өзі басқарып келе жатқан «Mercedes-Benz» жүк көлігімен жолдан шығып кеткен. Оған Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көмекке келді. Тәжікстандық жүргізуші полицейлерге алғысын білдірді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.