Қызылордалық жастар мүмкіндіктер алаңында бас қосты
Қызылордада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жастар сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында «Мүмкіндіктер керуені» ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мүмкіндіктер алаңының мүмкіндігін 700-ге жуық жастар мен қала тұрғындары пайдаланып, тұрғын үй, құқықтық қызмет, жер мәселесі, алимент өндіру, кәсіпкерлік бағыттары бойынша сала мамандарынан кеңес алды. Оның ішінде кәсіби бағыт бойынша 180 жас, сала мамандарының кеңесіне 162 жас жүгінді.
Шарада қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы Есмаханов жастарға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктер мен қолдауларға тоқталды.
Сондай-ақ, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жерлігікті 22 жұмыс беруші мекемеден 250-ге жуық бос вакансия, өзге өңірлерден 2000-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Аталған бағыт бойынша 320 жас маман кеңесіне жүгініп, жұмыс орындары туралы толық ақпараттар алды.
Шара барысында 8 мемлекеттік мекеме, 3 акционерлік қоғамы, 4 оқу орнынан мамандар қатысып, жастарға бос жұмыс орындарына шақыру, кәсіби бағдар беру бойынша жұмыстар жүргізді.
Мүмкіндіктер алаңының басым бағыты жастарға «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5% несие берудің тәсілін түсіндіруге бағытталды. Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің маманы Ә.Жақсылық арнайы баяндама жасап, өңір жастарына бағдарлама аясында несие беру жолдарын таныстырып өтті.
Шарада «Брейн-ринг» интеллектуалды-танымдық сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен арнайы жастардың қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылды.