Заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді

248

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

© Евгений Епанчинцев

Еліміздің солтүстік аймағынан 10 тоннаға жуық заңсыз алкоголь өнімдері табылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy. порталына сілтеме жасап.


Заңсыз өндірілген спиртті сұйықтықтың жалпы көлемі 9,5 тонна болған.

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында тиісті құжаттарысыз қомақты көлемде алкоголь өнімін одан әрі өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау және сақтау әрекеттерінің жолын кесті.

«Көкшетау және Петропавл қалаларының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық, бос пластик ыдыстар, дайын алкоголь өнімі табылып, тәркіленді», - делінген ведомство хабарламасында.



Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.