Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы қостанайлықтарға бір күндік жалақысын аударды

231

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіҚызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтарға бір күндік жалақысын аударды. Қаржы төтенше жағдай салдарын жоюға және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіруге жұмсалады.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы Қызылорда қаласында, 7 аудан мен Төретам кентінде 9 гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашып, күнделікті азаматтардан көмек қабылдап жатыр.
Қазір 30 тоннадан астам зат жиналды. Қабылданып жатқан заттар: бұзылмайтын азық-түліктер, жылы киім- кешектер мен көрпе-төсектер, тұрмыстық техникалар мен жабдықтар, гигиеналық заттар, балалардың оқу құралдары мен канцеляриялық заттар, құрылыс материалдары. Сыр елінің белсенді кәсіпкерлері де қаржылай көмек көрсететін болады.
Облыс атынан гуманитарлық көмектің арнайы жүк көліктері Қостанай облысына бүгін, яғни 6 қыркүйек күні жолданады деп жоспарланған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.