Әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселесі

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИАқмола гарнизонының әскери соты тұрғын үй комиссиясы баспанаға мұқтаж деп танудан бас тартқан әскери қызметшінің пайдасына шешім шығарды. Комиссияның бас тартуына Астанада ипотекаға алынған пәтердің болуы себеп болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Талап қоюшы М. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақмола аудандық пайдалану бөліміне қарсы сотқа жүгінді. Даудың туындауына тұрғын үй комиссиясының 2026 жылғы 9 сәуірдегі шешімі негіз болған. Аталған шешімге сәйкес, елордада жылжымайтын мүлкі бар әйелді баспанаға мұқтаж деп танудан бас тартылған.

Алайда сот процесі барысында әскери қызметшінің бұл пәтерді "Отбасы банк" АҚ арқылы ипотекаға сатып алғаны анықталды. Комиссияға жүгінген кезде оның банк алдындағы кепіл міндеттемелері толық орындалмаған, ал жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынған.

"Іс материалдарын зерттеген сот тұрғын үй комиссиясы шешім қабылдау кезінде пәтердің ипотекалық кредит арқылы сатып алынғанын және банк алдындағы міндеттемелердің орындалмағанын ескермеген деген қорытындыға келді", – деп мәлімдеді 2026 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде сот тұрғын үй комиссиясының 2026 жылғы 9 сәуірдегі шешімін заңсыз деп танып, оның күшін жойды. Қорғаныс министрлігіне әскери қызметшінің пайдасына шешім қабылдап, оны алғашқы баянаты тіркелген күннен бастап баспанаға мұқтаж деп тану, сондай-ақ сот шығындарын өтеу міндеттелді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.