Қызылордада спорт кешенінің бөренелері құлап, құрылысшылар зардап шекті

220
Қызылорда облысы Қазалы ауданында жаңадан салынып жатқан спорт кешенінде шатыр жауып жатқан құрылысшылар жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Оқиға 25 қаңтарда сағат 11.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесі бойында жаңадан салып жатқан спорт кешені аумағында болған.

Спорт кешенінде төбедегі бөренелер құлап, салдарынан ауданда тұратын 30-40 жастағы 5 ер азамат жарақат алған.

Үшеуі «мидың шайқалуы, әртүрлі соғылған жарақаттар» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Екеуіне алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 1-бөлігімен іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр,- деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.