Bek Air жолаушыларына 7 млн теңгені қайтаруға міндеттелді

349

Фото: Суд.кзBek Air әуекомпаниясы сатып алынған билеттер үшін жолаушыларға жеті миллион теңге қайтаруға міндеттелді. Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында әуекомпанияға қатысты үкім шықты.


Онлайн сот отырысына компаниядан билет алып, қаржысын өндіре алмаған 119 тұтынушы қатысқан. Олар жалпы сомасы жеті миллион теңгеден асатын 233 әуе билетін сатып алған. Бірақ компанияға тиесілі ұшақтың 2019-шы жылы апатқа ұшырағанынан соң олар билетті пайдалана алмаған еді. 


Компания басшысынан билеттің ақшасын өздігінен қайтарып ала алмаған бұқара халық сотқа жүгінген болатын. 


"Сот Қазақстан Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің талап арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. "Бек Эйр" әуекомпаниясы тұтынушыларының бұрын сатып алынған билеттерінің құнын толық өтеуге міндетті деп танылсын", - дейді Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының судьясы Индира Әбекова. 


Сот үкімін тындауға жауапты мекеме өкілдері қатыспады. 


Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бұған дейінгі отырыстарда тұрғындардың талап-арызын қанағаттандырған болатын. Ол кезде әуе компания тұтынушылардың 103 миллион теңгесін қайтаруға міндеттелген еді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.