Гүлназ Тұрғанбаева: Ата-аналар кішкентай балалардың үйдегі қауіпсіздігіне аса мән бергені абзал

133

Ата-аналар кішкентай балалардың үйдегі қауіпсіздігіне аса мән беріп қарағаны абзал,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


 Мәселен 7-8 айдан 3-3,5 жасқа дейінгі кезеңде бала қоршаған ортамен белсенді танысады, ол айналасындағы барлық заттарды біліп тануға тырысады және жай ғана қарап қоймай, міндетті түрде оларды ұстап тіпті татып көргісі келеді. Балаға бұл жаста бәрі қызық.
 
Ең алдымен ол өзі көріп тұрған нәрселердің бәрін қарап шығып және қолы жеткен барлық заттарды қолына алады. Біртіндеп еңбектеу және жүру дағдыларын меңгеруіне орай, бала үстелдерде, шыны есіктердің ар жағындағы сөрелерде, жабық жәшіктерде, аузы байланған пакеттерде, қақпағы бар банкаларда, кішкентай тесіктер мен саңылауларда және т.с.с. қолы жетпеген заттарға назарын аудара бастайды.

Патронаж мейіргері үйге барып қарау барысынды отбасының үйінде бала мен отбасы өмір сүретін ортаны және жағдайды түсіну оңайырақ бола түседі. Ал бұл баланың және ананың жарақаттануын болдырмау сынды жалпы мәселелерді шешу үшін шара қолдануға жақсы негіз бола алады. Отбасының үйінде болғанда, патронаж мейіргері олардың неге мұқтаж екенін көре алады. Бұл балалардың және олардың ата-аналарының денсаулығын және аман-саулығын демейтін ерте араласу шараларын қолдану үшін маңызды.



«Баланың жарақат алу қаупі әсіресе ол өздігінен қозғала бастаған кезде артады: ол бүйіріне домаланып, аузына ойыншық салып, еңбектеп, жүру дағдысын игереді, қауіпті түсінбейді. Балалардағы тұрмыстық жарақаттар жарақаттар арасында бірінші орынды алады және 65-75% құрайды, және ересектер мен мектеп жасына дейінгі балаларда жиі байқалады және мектеп жасында төмендейді. Кішкентай бала үшін зерттеушілік түйсігі оның болашақ тәжірибесінде орынды және өте маңызды болып табылады, алайда түрлі заттар мен нәрселерге толы қоршаған кеңістік бала үшін сан алуан қауіптерге толы болуы мүмкін. Бала тұратын кеңістікті қауіпсіз етіп ұйымдастыру және қауіпті заттармен, нәрселермен және заттектермен қарым-қатынасты болдырмауға тырысу ересектердің міндеті», – дейді аудандық емхананың аға патронаж мейірбикесі Гүлназ Тұрғанбаева.

Үйдегі кішкентай баланың қауіпсіздігі үшін ұсақ заттар (түймелер, дәрілер мен кішкене шарлар, қайшылар, пышақтар, шанышқылар, тоқыма біздер, инелер, түйреуіштер, шегелер, шаш түйреуіштер, ұшталған қарындаштар, қаламдар) баланың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.

 Сонымен бірге өткір бұрыштар қалың жұмсақ маталармен, кілемшелермен немесе жастықтармен жабылуы керек. Тамақтандыру кезінде сынғыш шыны заттар пайдаланылмауы тиіс.

Тағы бір назар аударатын жайт электр құралдары мен резеткелер кішкентай балаларды аса қызықтырады. Тіпті электрезеткелер биікте орналасқан дегеннің өзінде, оларға міндетті түрде «бітеуіштер» қою немесе оларды лейкопластырмен желімдеу керек. Жылыту құралдарына, ашық от бар жерлерге, тамақ дайындалатын жерлерге, сондай-ақ сіріңке, тұтандырғыш, тез тұтанатын сұйықтықтар, шырақтар сияқты заттарға ерекше назар аудару қажет.


 Үстелдің шетіне ешқашан ыстық сұйықтығы бар кастрюльдер немесе шәйнектер қоймаңыз және дастархандарды уақытша болсын алып тастаған жөн, себебі бала оның шеттерінен тартып үстелде тұрған заттарды өзіне аударып алуы мүмкін. Сондықтан әрбір затты ықтияттап, баланың қолы жетпейтін жерге қою керек.

Бала жүріп үйренгенде жиі құлайды. Құлау кезінде алуы мүмкін бас жарақаттарының салдары ауыр болуы ықтимал. Біз ата-аналарға балаларына үш білікше түрінде: біреуі басты айналдыра және екеуі айқыштап тігілген қорғаушы дулыға-тақия жасап беруді ұсынамыз. Баспалдақ, жертөле, қылтима, терезелер сияқты орындар қоршалып, кішкентай бала үшін қолжетімсіз болуы тиіс.

Нәресте үшін тағы бір қауіп көзі болып табылатын ол – үй жануарлары. Баланы ешқашан итпен жалғыз қалдырмаңыз. Ит тамақ ішіп жатқанда, сүйек кеміріп жатқанда немесе ұйықтап жатқанда баланың оған жақындауына жол бермеңіз. Бөбекке бетін жануарға жақындатуға рұқсат бермеңіз, себебі, бетінен тістеу аса қауіпті. Мысықтан да абай болған жөн.


Өмірде кездесіп жатқандай жарақаттардың абайсыздар орын алады. Сондықтан осы тұрғыда қауіптің алдын алу мақсатында патронаж мейірбикесі баланың жай-күйін үйге келіп қарау шараларын атқарады. Осы бойынша кәсіби дайындықтан өткен мейірбике ата-аналардың білімі мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, оларға жарақаттанудың алдын алуда қолдау көрсете алады. Ата-аналарға кіші жастағы балалар арасындағы жарақаттанудың алдын алу бірінші кезекте баланы емес, оны қоршаған ортаны қадағалауды білдіретінін түсінуге көмексете алады. Ата-аналарға төтенше жағдайда тиісінше әрекет етуге көмектесетін сарамандық білім мен дағдылар бере алады.  Ондағы мақсат – бала айналасында қауіпсіз орта қалыптастыру.