Елімізде алдағы күндері ауа райы жылы болады

269

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанда күн жылы болады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Аязды әкелген суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп кетеді", - деп мәлімдеді қазгидромет мамандары.

Оның орнын Қара теңіз аумағынан келетін жылы батыс циклоны басады, жаңбыр, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін, Түркістан облысында 20 градусқа дейін жылы болады.  

Тек 2 желтоқсанда кезекті антициклон республиканың батыс өңірлеріне жылжиды, сол себепті  температура аздап төмендейді: түнде 5 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз – 5 градус жылы болады. Маңғыстау облысында күн 10 градусқа дейін жылынады.

Республиканың солтүстік-шығысында және оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.