Киев қоршауда қалды, Зеленский бункерге тығылды - CNN

583

Ресей қарулы күштерінің Киевке басып кіру салдарынан Украина президенті Владимир Зеленский бункерге жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында CNN телеарнасы мәлімдеді.


CNN арнасының мәліметінше, Украина президенті Владимир Зеленский қауіпсіздік мақсатында бункерге жеткізілген.

"Ресей әскерлері Киевке жақындап қалғандықтан Зеленскийді бункерге жеткізді", - делінген мәлімдемеде.

Алайда аталған бункердің Киевте немесе өзге аймақта екені әзірге белгісіз.

Сонымен бірге бұдан алдын Италия премьер-министрі келіссөздер келісілгеніне қарамастан, Украина президенті онымен байланысқа шықпай қойғанын айтқан. Осыдан кейін жергілікті БАҚ Украинаның әуе жолы жабық болғанына қарамастан Киевтегі "Жуляны" әуежайынан белгісіз бір ұшақтың ұшып шыққанын жазған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.