Газ-50! Сұйытылған газдың бағасы жыл соңына дейін өзгермейді

355

Энергетика министрлігі өз бұйрығына өзгеріс енгізіп, халық талқылауына шығарды. Оған сәйкес, сұйытылған газдың шекті бағасы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қазіргі деңгейде қалады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

 

Халық талқылауына шыққан Энергетика министрлігінің бұйрығына келесідей өзгеріс енгізілді.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
,— делінген құжатта.

Үкімет жыл басында сұйытылған газ бағасын 50 және 75 теңге аралығында бекіткен болатын. Бұл мораторий 180 күнге жасалған. Енді министрліктің бұйрығы қабылданатын болса, онда қазіргі бағалар 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін өзгермейді.