Жөндеуден өткен жатақхананың тазалау жұмыстарына студенттерді мәжбүрлеген

247
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №3 жатақханасында оқу жылының ортасында жөндеу жүргізіліп, жуып тазалау жұмыстарына студенттерді мәжбүрлеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Студенттер университеттің басқа жатақханаларына барып, душ қабылдау үшін кезекте тұруға мәжбүр. Содан кейін олар жартылай дымқыл күйінде, өз жатақханаларына қарай жүгіреді, ал егер олар ауырып қалса не болмақ? Оған кім жауап береді? Студенттер туралы ешкім ойламайды, - деп шағымданды алматылық студент.

Әлеуметтік желіде шыққан видеодан студенттердің жатақхананы жуып тазалап жатқан сәттерін аңғаруға болады. Шағымданушының айтуынша, студенттерді ғимараттың ішін тазалауға заңсыз мәжбүрлеген.

Еліміздің заңнамасында мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған емес пе? Заң бойынша студентке оқуға және жатақханада тұруға тиісті жағдай жасалу міндетті емес пе? Ғылым және жоғары білім министрінен университет басшылығының қызметіне назар аударып, олардың ісіне құқықтық баға беруін сұраймыз. Университеттің басқа да жүйелі мәселелері туралы білу үшін студенттер мен оқу орнының қызметкерлері арасында анонимді сауалнама жүргізуді сұраймыз, - делінген постта.

Аталған жайтқа оқу орнының баспасөз хатшысы «іс қаралып жатыр» деген жауаппен шектелген. Ал студенттерді жұмысқа жеккен жатақхана қызметкерлері ме, әлде университет басшылығы ма, әзірге белгісіз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.