Алматыда өрт шықты

391
30 қыркүйекте Алматыдан  Тұңғыш президент саябағы жанында  жұмысы тоқтап тұрған кафе өртке оранды - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Саябаққа жақын орналасқан қараусыз қалған "Бунгало" кафесі өртенген. Сағат кешкі 19:44-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Хан-Тәңірі шағын ауданындағы өртті сөндіруге келіп жеткен.

"Оқиға орнына келген кезде жұмысы тоқтап, жабылып қалған "Бунгало" жазғы кафесі өртеніп жатты. Жалын аумағы 280 шаршы метрді құрады. Өрттің тез таралуына ондағы ағаш құрылғылардың көптігі әсер етті. Өрттік оқпандар дереу жеткізілді, цистерналар гидранттарға орнатылып, сумен үздіксіз қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 20 минут ішінде оқшауланды", - делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге 50-ден астам жеке құрам мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 20:22-де толықтай сөндірілді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.