«Мешітке емес, мектепке барсын»: Әкімнің орынбасары имамдарға өтініш айтты
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Жастар ресурстық орталығында» өткен форумда сөйлеген сөзінде имамдардан буыны қатпаған жас баланы мешітке шақырмауды өтінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Форумға қаладағы жоғары оқу орындары мен озат оқушылардан 500-ге тарта жас, оқу орындарының тәрбие жөніндегі орынбасарларынан бөлек, жүзге тарта дін қызметкері қатысқан.
Әкім орынбасарының айтуынша, сырттан қаржыландыратын радикалды күштер, деструктивті ағымдар сананы отарлау үшін дін арқылы шабуыл жасайды.
Қаз
Рус






