Сырдарияда өткен жылы жол картасы бойынша 3130 жұмыс орны ашылды

1 501

Фото: gov.kzСырдария ауданында әлеуметтік сала бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.


Негізінен, білікті басшы Мақсұт Қаратаев аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі сан салаға бөлінген. Өз кезегінде өткен жылы бөлім тарапынын атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтпекпіз.


Негізінен, Өңірлік жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 3 127 жұмыс орнын ашу жоспарланса,  есепті мерзімде 3 130 жұмыс орны ашылды. Яғни, орындалуы – 100,1% құрады. Ұлттық жобалар аясында 19 жоба бекітіліп, 63 жұмыс орнын ашу жоспарланса, жыл көлемінде 107 жұмыс орны ашылып,  орындалуы 169,8% құрады.


ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың әрбір 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 554 жұмыс орнын ашу белгіленсе, жыл көлемінде 620 жұмыс орны ашылған болатын. Айта кетейік, былтыр Атаулы әлеуметтік көмек жыл көлемінде 202 отбасына,  яғни 1164 адам тағайындалып, төленді. Өткен жылмен салыстырғанда АӘК алушылар 40,9% азайған. Тұрғын үй көмегі жыл көлемінде 41 отбасына (222 адам) тағайындалып, төленді. Ауылдық елді мекендер мамандарына отын сатып алу үшін жыл көлемінде 2543 адамға тағайындалған мәлім.  Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметі жыл көлемінде 91 балаға берілді.


1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн республиканың құрметтi атақтарына ие болған 2 азаматқа әлеуметтік көмек жасалды.  Мерекелер қарсаңында көмек алған ардагерлер, радиация алған отбасылар, саяси-қуғын сүргіннен зардап шеккендер бойынша жыл көлемінде 206 адам мен 5 отбасы қамтылды. Жекелеген санаттар бойынша әлеуметтік көмекпен жыл көлемінде 61 адам және 11 отбасы  толықтай қамтылды.


Аудан бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны – 1168, оның ішінде I топ – 128, II топ – 318, III топ – 460, 18 жасқа дейінгі  мүгедектігі бар  балалар – 262-ті құрады. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы (прот орто.құралдар, сурдо.көмекші.құралдар, тифло.көмекші құралдар, кресло-арбалар, санато-курорт.емделу, жеке көмекші, ымдау тілі, мінд.гиген.құралдар) бойынша қамтылғандар саны 1323 құрады. Жеке оңалту бағдарламасы 100,0 пайызға орындалды. Кедергісіз ортаны қалыптастыру бағытында бейімдеу жұмыстары 13 обьектіге жүргізіліп, «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» 13 обьекті бойынша толық мәліметтер енгізіліп, 100 пайызға орындалды. Мүгедектігі бар адамдарды автокөлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған «Инватакси» қызметі бойынша 270 мүгедектен 411 тапсырыс қабылданды.Мүгедектер үшін жұмыс орындарына 10 квота бекітіліп, толығымен жүзеге асырылды. Пробация және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған бойынша жұмыс орындарына 4 квота  бекітіліп, толығымен жасалды. Квотадан тыс 10 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 адам алғашқы жұмыс орнына жолданды, 2 адам қайтарымсыз грант алды. 2023 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ардагерлер арасында іс-шаралар (спорттық шаралар, қайырымдылық т.б.) ұйымдастыру бойынша 210 ардагерге құрмет көрсетілді. 2023 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдар арасында іс-шаралар (спорттық шаралар, қайырымдылық, «Мектепке жол» акциясы т.б.) ұйымдастыру бойынша 310 мүгедектігі бар адамдар мен балалар қамтылды.  2023 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметінде есепте тұратындар арасында іс-шаралар (спорттық-мәдени шаралар, қайырымдылық т.б) ұйымдастыру бойынша 190 адам қамтылды.