Қазақстан әлемдегі қауіпті елдер қатарына енді

259

World Population Review порталының сарапшылары әлемде 100 мың адамға қылмыс саны бойынша қауіпті елдер рейтингін құрастырды. Олардың қатарында Қазақстан да бар, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kaz.tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қауіпті еледердің үздік үштігіне Венесуэла (83,76 ұпай), Папуа - Жаңа Гвинея (80,79) және Оңтүстік Африка (76,86) енген. 
53,77 ұпаймен Қазақстан 40-орында тұр. Қырғызстан 56,87 ұпаймен 31-орында. Ал Өзбекстан 33,42 ұпай жинап, 99-орынға тұрақтаған. Қытай - 108-орын (30,14) және Ресей - 86-орын (39,99).


136 мемлекеттен тұратын рейтинг соңында Тайвань, БАӘ және Катар тұр. Бұл елдерде қылмыс деңгейі өте төмен. Зерттеушілер қылмыс деңгейі әр елде әр түрлі болатынын және көптеген факторларға байланысты екенін атап өтті. Мысалы, кедейлік пен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі елдегі қылмыс деңгейін жоғарылатады. Керісінше, полицияның қатаң бақылауы мен қатаң үкімдері қылмыс деңгейін төмендетуге бейім.


Сарапшылардың пікірінше, жас пен қылмыс арасында күшті корреляция бар. Болжам бойынша қылмыстардың көпшілігі, әсіресе зорлық-зомбылық қылмыстары 20-30 жаста жасалады. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.