Тоқаев электр энергиясының тапшылығын болжады

411
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен 2060 жылға қарай көміртек бойынша бейтараптылыққа жетуді мақсат етіп қойдым. Біз бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек, біздің елдің халқы мен экономикасы өсіп келеді, ал ол үшін энергия қажет.


Көмір өндіру дәуірінің біртіндеп құлдырауымен, жаңартылатын энергия көздерінен басқа, сенімді негізгі энергия өндіру көздері туралы ойлануға мәжбүр боламыз. 2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болады. Әлемдік тәжірибе ең оңтайлы жолды ұсынады. Бұл - бейбіт атом", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Ол сұрақтың қарапайым емес екенін және оны шешуге мүмкіндігінше рационалды түрде қарауды сұрады.

"Бір жыл ішінде үкімет пен "Самұрық Қазына" Қазақстандағы қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуі тиіс. Бұл мәселені көлік жасауды дамыту, білікті ядролық жаңа буынды қалыптастыру тұрғысынан қарастырған жөн", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жасыл сутекті өндіру де перспективасы мол бағыт саналады.

2019 жылдың сәуірінде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда АЭС салуды ұсынды. Кейінірек Қазақстан билігі алдымен бұл мәселе бойынша "қоғамның пікірін" білгісі келетінін айтты.


Кейін Энергетика министрлігі Алматы облысы Үлкен ауылында АЭС салу орны анықталғанын айтты. Бірақ АЭС құрылысы туралы шешім қабылданған жоқ.