"Ата-анамыз бізді тастап кетті": Қара бетперделі жігіт төрт балаға пәтер сыйлады

1 519

Фото:© Видеодан скринҚара бетперде киген жұмбақ жігіт ата-ана қамқорлығынсыз қалған төрт балаға пәтер сыйлады. Сондай-ақ жүрек дертіне шалдыққан 18 жастағы қыздың емделуіне және балалардың білім алуына көмектесетінін жеткізді, - деп  хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Отбасындағы төрт баланың үлкені – 18 жастағы Шахзота. Бойжеткеннің айтуынша, ол ауыр жүрек дертіне шалдыққан. Дәрігерлер оған үшінші дәрежелі жүрек жеткіліксіздігі диагнозын қойған.

Шахзотаның 16 жастағы сіңлісі даяшы болып жұмыс істейді. Ол тапқан табысымен әпкесінің емделуіне көмектесіп жүр. Ал үйдегі екі кенже бала – олардың інілері.

Шахзотаның сөзінше, әкесі екі жыл бұрын жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған. Ал анасы кейін басқа отбасын құрған. Қазір балалардың жеке баспанасы жоқ.

“Ата-анамыз бізді тастап кетті. Әкем екі жыл бұрын жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Анамның қазір басқа отбасы бар”, – дейді ол.

Бойжеткенді әсіресе кәмелетке толмаған екі інісінің тағдыры алаңдатады. Оның айтуынша, балалардың заңды қамқоршысы болмағандықтан, оларды балалар үйіне орналастыру мәселесі көтерілген. Шахзота осы уақытқа дейін інілерін жанынан шығармай, барынша қамқор болуға тырысқанын жеткізді.

Отбасының ауыр жағдайын естіген қара бетперде киген жұмбақ жан балаларға көмек қолын созды. Ол Шахзотаға емделуге, бауырларына білім алуға қаржылай көмек көрсетіп, төрт балаға жаңа пәтердің кілтін табыстады.

“Кейде балалар ең жақын адамдарынан айырылып қалады. Бірақ Алла оларға сүйеніш болатын жандарды жолықтырады. Бұл қаражатпен ем қабылдап, бауырларыңызбен бірге білім ала аласыздар. Сондай-ақ бүгіннен бастап өз баспаналарыңыз бар”, – деді қара бетперде киген жігіт.

Күтпеген сый туралы естіген Шахзота көз жасына ерік беріп, қайырымды жанға алғысын айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.