Пиязға есірткі, телефон жасырып түрмеге кіргізбек болған
309
Пиязға есірткі жасырып, тергеу изоляторына кіргізбек болған ақтөбелік жазаланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбеде ҚАЖД-ға қарасты КА-168/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде пияз ішіне жасырылған екі ұялы телефон, бір sim-карта және салмағы 10,07 грамм болатын "гашиш" есірткі затын тәркілеген.
Тыйым салынған заттарды Ақтөбе облысының 32 жастағы тұрғыны "Бопсалау" бабы бойынша күдікке ілініп абақтыға қамалған танысына өткізбек болған. Кейін сараптама қорытындысы зерттеуге ұсынылған жасыл түсті өсімдік тектес зат "гашиш" есірткісі екенін анықтаған.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі мәліметінше, пияздың ішіне тыйым салынған заттарды жасырып, түрмеге кіргізуге әрекеттену дерегі бұған дейін де тіркелген. Ақтөбе облысының 24 жастағы тұрғыны пиязға жасырылған бір ұялы телефон мен бір sim-картаны "Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету" бабы бойынша күдікті-айыпталушы танысына жеткізбек болған.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 791,795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған. Заңмен белгіленген тәртіпбұзушы сот шешіміне сәйкес айыппұл арқалауы мүмкін.

"Қазіргі уақытта тыйым салынған затты мекемеге әкелуші азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі ("Есірткі, пситроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығы Руслан Уразбаев.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі мәліметінше, пияздың ішіне тыйым салынған заттарды жасырып, түрмеге кіргізуге әрекеттену дерегі бұған дейін де тіркелген. Ақтөбе облысының 24 жастағы тұрғыны пиязға жасырылған бір ұялы телефон мен бір sim-картаны "Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету" бабы бойынша күдікті-айыпталушы танысына жеткізбек болған.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 791,795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған. Заңмен белгіленген тәртіпбұзушы сот шешіміне сәйкес айыппұл арқалауы мүмкін.
Тағы да оқыңыздар
Алданбаудың амалдары
1 502