Өрт салдарынан аңшы тірідей жанып кетті

475
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 16 қазанда далада өрт шығып, аңшы мерт болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аңшылар Қоянды ауылы маңында болған.
Куәгердердің бірінің айтуынша, көлік астындағы газ шығаратын түтіктердің қызып тұрған коллекторынан шөп өртенген.


Салдарынан 17 қазан күні таңертең өрт орнынан 1991 жылы туған аңшының мәйіті табылды. Ал 1969 жылы туған екінші аңшыны күйік шалған.
Құтқарушылар кісі өлімі мен өрттің шығу себебі анықталып жатқанын хабарлады.
Қазанның 17-сі күні Алматы облысындағы Райымбек ауылдық округіне қарасты Көклайсай саяжайы маңында өрт шықты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.