Шекара қызметінің басшысы ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділманов билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды. Айта кетейік, 5 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылған еді.
Қаз
Рус






