Елімізде нан бағасы қымбаттайды ма?

365
Қазақстанда нан бағасы дүрбелең тудыратындай сұранысқа ие емес- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлім етті.

 " Бүгінгі таңда бидай бағасының  едәуір түрде өсуі  Қазақстан нарығында да, әлемдік нарықта да байқалып отыр. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан әлеуметтік нанға жатады, ол бағаны реттейтін тауарлар тізбесіне енгізілген. Өңірлердегі әлеуметтік нанның бағасы тұрақты. Қазір бидайға немесе ұнға деген сұраныс жоқ. Бидай мен ұн нарықта жеткілікті. Тазалау жұмыстары аяқталып қалды, қоймада нандар бар. Демек ұнға дейін өңделеді және наубайханаларға жеткілікті мөлшерде жеткізіледі",  – деді ол. 

Егер бидай бағасының өсуі шын мәнінде байқалса, бұл ұн бағасының өсуіне алып келеді, яғни, нан бағасына қатысты мәселелер туындауы мүмкін. 

Әлеуметтік нан бағасының өсуі жағдайында үкімет мемлекеттік реттеу шараларына жүгінетінін айтты.