"Адамның сүйектері екі сөмкеге салынған"

617

Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы прокурор Мария Ирен Альварес мәлімдеген.

"Ішіне адам сүйектерінің қалдықтары салынған екі сөмке табылды. Бұл Қазақстан азаматының дене бөлшектері екені белгілі болды", –  деді прокурор Парагвайдың "Монументаль" радиосына берген сұхбатында.


Өлер алдында жәбірленушіні қатты соққыға жыққан. Бір соққыдан оның жақ сүйегі сынған, деп қосты прокурор.
Қазіргі таңда патологоанатомдар адам денесінің өлгенге дейін немесе өлтірілгеннен кейін бөлшектелгенін анықтауда.


"Бірақ адам аса қатыгездікпен өлтірілген, өлімнің өте ауыр әрі қиын болғаны туралы нақты айтуға болады", – деді прокурор.


Полиция Боливияның екі азаматын ұстады. Белгілі болғандай, олар марқұм тұрған үйдің бөлмелерін жалға алған.
Прокуратураның хабарлауынша, боливиялықтар Парагвайға жәбірленушінің қарызын өтеуге келген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.