Ресейде тұтанған өрт Қазақстанның үш облысына жетті

220

Ресей аумағынан шыққан өрт еліміздің солтүстік аймақтарына жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Түтін Ақмола облысының бірнеше ауданына тарады. Өз кезегінде төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері аймақта төтенше жағдай тіркелмегенін мәлімдеді. 


"Бүгін таңертең ауданда түтін жайылды. Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметтеріне сәйкес ауданда орман мен дала өрттері тіркелмеді. Алдын ала деректерге сәйкес түтін Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл мен Ресей Федерациясындағы Курганск облысындағы өрттен шыққан", – деді Біржан Сал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарламасында. 


Соңғы деректерге сәйкес, Ресейде басталған өрттің түтіні Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақмола облыстарына тараған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.