12 жастағы қызды кездесуге шақырған педофил ұсталды

1 515

Фото: Видеодан скриншотТаразда күдікті педофил ұсталған. Ақпаратты полиция растаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам 12 жастағы "қызға" хабарламалар жазып, кездесуге шақырған. 

Белгілі болғандай, күдікті педофилді ұстауға белсенділер көмектескен. Олар 12 жасар қыздың атынан аккаунт ашқан. Сол аккаунтқа күдік тудырған ер адам хабарлама жазып, "қыз баламен" байланыс орнатқан. Ол "қызға" тез ақша табуды ұсынып, порнографиялық видео жіберген. 

Оған көргендерін қайталап, видеоға түсіріп жіберуді ұсынған. Содан кейін дүкеннен не қаласа соны сатып әперетінін айтқан. 

Кейін бетпе-бет кездесуге келісіп, сол жерде оны белсенділер қарсы алған. 

Өзім сотрудникпін, жігіттер, - деген күдікті ұсталған кезде.  
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық істің толық мән-жайларын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Тараз қаласының ПД баспасөз қызметі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.