Мектептердегі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

2 256

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіБүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы Әйтеке би кентінде күрделі жөндеуден өтіп жатқан Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектебінің жай-күйімен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бақылау жұмыстарына Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, комиссия мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев және комиссия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Талғат Әліпбаев қатысты.

Жөндеу жұмыстары биыл сәуір айында басталған. Мердігер «Конструктив LTD» ЖШС тарапынан шатыр ауыстырылып, қасбет жаңартылған, электр желілері мен жарықтандыру жүйесі жаңаланған. Ішкі әрлеу және бірқатар бөлмелерде кафель төсеу жұмыстары орындалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.