ҚТЖ қаражатын жымқырған ЖШС директоры сотталды

333
Құрылыс компаниясының басшысы теміржол жолдарының қоршауын салуға арналған 57 миллион теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігі "ЖилОтделСтрой" ЖШС басшысының алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

"2015 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің станцияларында жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам ақша қаражатын "Қарағанды магистральдық желі станцияларындағы Жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде" жұмыс көлемін арттыру арқылы жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада. 

Тергеу әрекеттері барысында бюджетке келтірілген залал толығымен өтелді. Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.