31 жастағы ана үш айлық сәбиін дәмханаға тастап, өзі құрбыларымен ішіп кеткен

1 263

Ақтөбеде қырқынан шықпаған сәбиін дәмханаға тастап кеткен келіншек ата-ана құқығынан айырылмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Тәртіп сақшылары жаңа туған сәбиін тастап арақ ішуге кеткен келіншекті ата-ана құқығынан айыруды сұрап отыр. Қазір комиссия талқысына салуға құжат әзірлеп жатыр.


 "Көшеге шыққаннан кейін таныстарын кездестіріп, ішімдік ішіп кеткен. ҚР ҚК 127 бабы 1-ші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ата-ана құқығынан айыруға құжаттар дайындалып, комиссияға жіберіледі",-дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


31 жастағы келіншектің босанғанына небәрі үш апта болған. Қырқынан шықпаған бөбегін дәмханадағы бейтаныс әйелге ұстатып, «қазір келемін» деп кетіп қалады. Кеш батқанша келіншекті күткен тұрғын ақыры полицейлерге хабарласады.


Тәртіп сақшылары өз баласын қайда тастап кетікенін ұмытқан ананы масаң күйде тауып алған. Ол жолай таныстарын жолықтырып, қыдырып кеткенін айтыпты. Өзі пәтер жалдап жалғыз тұрады екен. Бөбек қазір «Үміт» сәбилер үйінде. Мамандар баланың денсаулығы жақсы, толық жетілген деп отыр. Комиссия келіншекті ата-ана құқығынан айырар болса, бала осы сәбилер үйінде тәрбиелене береді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.